«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘТТЕҢ, ЖАҢБЫР, ӘЙТПЕСЕ СӨРЕ ЖАҚЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша дәнді дақылдар жинауда соңғы екі күнде айтарлықтай өзгерістер жоқ. 12 қазанға дейін өңір егіншілері 9487,8 мың гектардың егінін бастырып, астықты алқаптардың 97,6 пайызын жинады. Орылған астық 5113,1 мың тоннаны құрайды. Орташа танап берекелілігі бұрынғы 14,7 центнер деңгейінде қалып отыр. Былтырғы жылы бұл кезде гектар шығымдылығы 13,0 центнерден айналған болатын.

Астықтың шығымдылығы жағынан сәйкес түрде 17,0, 16,9 және 16,4 центнерден өнім жинаған М.Жұмабаев, Қызылжар және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандар алда келеді. Ал Тимирязев ауданы 11,1 центнерлік көрсеткішпен көш соңында қалып отыр.

Майлы дақылдар жинауда ғана аздап өзгеріс бар. Оның 367,5 мың гектары немесе 83,7 пайызы орылып, 241,0 мың гектары немесе 54,8 пайызы бастырылды. Орташа гектар берекесі 12,5 центнерді құрап отыр.

Облыс бойынша қажетті 510,0 мың тонна тұқым қоры толық құйылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp