«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Бокстан әлем чемпионаты. Алматы 2013” ескерткіш монетасын айналысқа шығару туралы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Бокстан әлем чемпионаты. Алматы 2013” монетасының бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Монетаны айналдыра монетаның номиналын білдіретін “100 теңге”, мемлекеттік тілде “Қазақстан Ұлттық банкі”, монета дайындалған металды, оның сынамасын және массасын білдіретін “Ag 925 31,1g” деген жазу, соғылған жылын білдіретін “2013” деген сан орналасқан және шығыңқы жиек бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жарыс кезіндегі рингтегі боксшылар бейнеленген. Сол жақ бөлігінде Халықаралық бокс қауымдастығының логотипі және бокстан әлем чемпионатының өткізілетін орны мен жылын білдіретін “ALMATY 2013” деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде ағылшын тілінде “AIBA WORLD BOXING CHAMPIONSHIPS” деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі. Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм., дайындау сапасы – “proof”, таралымы – 3 мың дана.

Номиналы 100 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің түсіндірмесі

Ескерткіш күміс монета елімізде алғаш рет өткізілгелі отырған бокстан әлем біріншілігіне арналған. Әлем чемпионаты – еліміздің халықаралық аренадағы беделін одан әрі нығайтатын маңызды ұлттық жоба.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі №1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

“Proof” сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің барлық филиалдарында сатып алуға болады. Анықтама телефоны: 8(727) 273-83-98.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp