Облыстық ҚАЖ департаментінің аумақтық қылмыстық-атқару инспекцияларының есебінде тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылған тұлғалар тарапынан іздестіруде жүрген және жазаны өтеуден жалтарғандардың тұрғылықты жерін анықтау және қылмыстың қайталануының алдын алу мақсатында “Альтернативник” атты республикалық профилактикалық іс-шара өткізілді.
Наурызбай ТОҚСАНБАЕВ,
Есіл аудандық Қылмыстық-атқару инспекциясының бастығы.
Оның барысында Есіл аудандық ҚАИ-ның қызметкерлері полицейлермен бірлесіп, ҚАИ есебінде тұрған сотталғандардың мекенжайларына тәуліктің кез келген уақытында, күндіз де, түнде де барып, сондай-ақ әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексерді. Сотталғандармен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Оларға жазаны өтеу мерзіміндегі құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық жасаса немесе инспекцияның бақылауынан жалтарса, шартты соттылығы алынып, нақты бас бостандығынан айрылатындықтары ескертілді, сотталғандардың көршілерінен, туған-туыстарынан түсініктеме алынды.
Профилактикалық іс-шара кезінде іздеуде жүрген 1 сотталған ұсталып, Есіл аудандық Ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бірнеше мәрте бұзғаны үшін 3 сотталғанның жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы материал жолданды.
Белгіленген жазаны өтеу тәртібін адал орындағаны үшін 1 сотталғанға байланысты жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату үшін сотқа материал жіберілді және 1 сотталған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды.