«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢЫЛТПАШТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тұрысбек ЕДІЛБАЕВ.

Серкені Серік ерте ме?
Серікті серке ерте ме?
Серке ерке ме?
Серік ерке ме?

Базар мен Назар,
Базарға барды.
Назар мен Базар,
Не сатып алды?

Мен сенің сөзіңе сенгенім –
Мен сенің өзіңе сенгенім.
Сен менің сөзіме сенгенің –
Сен менің өзіме сенгенің.

Ақ лақ аппақ па?
Ала лақ аппақ па?
Ала лақ аппақ емес,
Ақ лақ апппақ.

Алатауда аңғарлар бар,
Алатауда заңғарлар бар.
Аңдар заңғарларда ма?
Аңғарларда ма?

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp