Облыс орталығының “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ-ның 2-ші ЖЭО-ы кезекті жылыту маусымына жан-жақты барлық дайындық жасады. Жөндеу науқанында бірінші кезекте негізгі және қосалқы жабдықтың, ашық тарату қондырғылары мен кабель шаруашылығы жұмысының сенімділігін арттыру, сондай-ақ отын-энергетикалық шығындарды кеміту жүзеге асырылды.
Жаңа жылыту маусымының қарсаңында ЖЭО-дағы жұмыс істеп тұрған барлық қазандықтар мен турбиналар жөндеуден өтті. Сонымен қатар, станциядағы жаңа жабдықтар – екі станциядағы қазандық және турбоагрегаттарды құрастыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Оның бірі – №8 станцияның қазандық агрегатын 2014 жылдың – маусым айында, ал №4 станция турбоагрегатын үстіміздегі жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр. Осылайша 2013-2014 жылдардың күз-қыс мезгілдері кезеңінде 9 қазандық агрегат және 5 турбоагрегат жұмыс істейтін болады.
Станцияның үздіксіз қызмет етуін және қордың тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ-ның қоймасына 2013 жылдың қазан айы мен 2014 жылдың мамыр айы аралығында 1648800 тонна көмір және 3 мың тонна мазут жеткізу жоспарланған. Бүгінгі күні акционерлік қоғамның отын қоры станцияның 21 күн жұмыс істеуіне есептеліп, 148125 тонна көмірді және 1683 тонна мазутты құрап отыр.
“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ-ның 2-ші ЖЭО пайдалануға беру жөніндегі инженерінің орынбасары Альберт Айтикеевтің айтуынша, барлық жөндеу жұмыстары аяқталып, 2013 жылдың аяғында Т-50/60-8,8 турбинасы пайдалануға берілгеннен кейін станцияның қуаты 397 МВт-қа, ал қолданыстағы қуат 386 МВт-ға дейін, станцияның жылу қуаты 874,8 Гкал/сағатқа, қолданыстағы қуат 804 Гкал/сағатқа дейін арттырылады. Бұл биылғы жылыту маусымында облыс орталығы тұрғындарының үйлеріндегі жылу мен жарықтың мол болуына мүмкіндік бермек.
“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ-ның
жұртшылықпен байланыс бөлімі.