«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕДЕН ОДАҒЫ АЯСЫНДАҒЫ САУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алдын ала деректер бойынша, 2013 жылғы қаңтар-маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Кеден одағы елдерімен өзара саудасының тауар айналымы 455,1 млн. АҚШ долларын құрады, ол 2012 жылғы сәйкес кезеңдегіден 9% жоғары.

Экспорттың негізгі көлемін дақылдар (Кеден одағы елдеріне жалпы экспорт көлемінің 54%-ы), қара металдардан жасалған бұйымдар (6,5%), қара металдар (5,8%), мыс және одан жасалған бұйымдар (4,9%), бидай немесе қара бидай ұны (4,6%) құрады.

Импорт құрылымында минералдық отын, мұнай және оларды айдаудан алынатын өнімдер, битуминозды заттар, минералды балауыздар (Кеден одағы елдерінен жалпы импорт көлемінің 52,7%-ы), ядролық реакторлар, қазандар, жабдықтар мен механикалық құрылғылар, олардың бөліктері (8,3%), қара металдардан жасалған бұйымдар (5,1%), пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар (4,1%) басым болды.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp