«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,5%-ға, ауыл шаруашылығы – 11%-ға, бөлшек сауда 30,1%-ға өсті.

2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыстың өндірістік кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындарын, үй шаруашылығы секторын қоса) қолданыстағы бағамен 107,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 75,7% алатын өңдеу өнеркәсібінде 81,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 5,5% артық.

2012 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда, азық-түлік өндірісі 5%-ға өсті. Өңделген сұйық сүт және кілегей өндіру 75,4%-ға, ет және азық-тық ет өнімдері – 18,3%-ға, үй құсының еті – 55,9%-ға, жаңа піскен нан өндірісі 5,7%-ға артқан.

Жиһаз өндіру 1,4 есе, металлургиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру – 10,6%-ға, машина жасау өнімдері өндірісі – 7,3%-ға, фармацевтикалық өнімдер өндірісі – 9,3%-ға, химиялық өнімдер өндірісі 22,2%-ға ұлғайған. Ерлер киімі – 2,8 есе, асүй жиһаздары 1,8 есе көп өндірілді.

2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 193,4 млрд. теңгені құрады (2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегіден 11% артық). Мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта союға 70,1 мың тонна өткізілген (2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегіден 3,4% артық), 383,7 мың тонна сиыр сүті сауылған (5,1%-ға), 384,9 млн. дана (13,4%-ға) тауық жұмыртқасы алынған.

Барлық меншік түрінің құрылыс-монтаж ұйымдарының өз күшімен 18,5 млрд. теңгенің мердігерлік жұмыстары орындалды (2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегіден 23,3% артық). 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте жаңа 372 ғимараттың құрылысы аяқталды, олардан 338 тұрғын және 34 тұрғын емес мақсаттағы.

2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 70,3 млрд. теңгені құрады (2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегіден 16,2% артық). Негізгі капиталға салынған инвестиция көзінің 73,4%-ы шаруашылық жүргізетін субъектілердің өзіндік қаражаты болып табылады, қарыз қаражатына – 6,8%, бюджеттік қаражатқа 19,8% келеді. Ауыл, орман және балық шаруашылығы (жалпы инвестиция көлемінің 52,9%-ы), көлік және қоймалау (16,8%), өнеркәсіп (14,3%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (6,1%), ақпарат және байланыс (3,2%) негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру бойынша басым салалар болып табылады.

Тұрғын үй құрылысына 4145,8 млн. теңге жұмсалды (2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегіден 10% артық). Облыс аумағында тұрғындар және кәсіпорындар жалпы көлемі 58969 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берді (2012 жылғы қаңтар-қыркүйекке 153,5%).

2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте тасымалдаушылардың барлық санаттары 36,3 млн. тонна жүк (2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегіден 9,4% артық) және 370,7 млн. жолаушы тасымалдады (2012 жылғы қаңтар-қыркүйекке 105,7%).

2013 жылғы қаңтар-қыркүйектегі бөлшек сауда көлемі 85,6 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 30,1%-ға ұлғайды, көтерме сауда – 198,7 млрд. теңгені құрады (11,9%-ға). Талданып отырған кезеңде қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 1,9 млрд. теңгені (4,7% артық) құрады.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp