Жуырда Ресей Федерациясының Рубцовск қаласында киокушинкай каратэден “Сібір – Азия” халықаралық турнирі өтті. 23 командадан жасақталған бәсекеде 500-ден астам спортшы бақ сынады.
Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен 21 солтүстікқазақстандық каратэші өңір намысын абыроймен қорғай білді. Жазғы демалыстарында “Тұлпар” балалар-жасөспірімдер базасында үзбей жаттыққан қызылжарлық өрендер үш алтын және алты қола медаль еншіледі. Бұл нәтиже – аталмыш додадағы спортшыларымыздың ең үздік көрсеткіші.
Сонымен, атап айтатын болсақ, 12-13 жастағылар арасында – Әлишер Авдонин (35 кг.) мен Радион Разумов (50 кг.) және 16-17 жастағылар арасында Александра Жангазина (60 кг.) қатарластарынан озып шығып, жүлделі 1-орынды иеленді. Ал Сұлтан Жақан (65 кг.), Алтынбек Әнуәрбеков (40 кг.), Исмаил Бекбаев (45 кг.), Сұлтан Баймағанбетов (50 кг.), Рустам Райцинов (55 кг.), Александр Махнацев (30 кг.) үшінші орынды еншіледі.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.