«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДА, ҚАЗА ТАПҚАНДАР САНЫ ДА АЗАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ТЖД “ӨС және АҚҚ” ММ-нің мәжіліс залында аумақтық органдардың үстіміздегі жылдың 9 айында атқарған жұмысының қорытындысы бойынша кеңес болып өтті.

Департамент бастығы Павел Филиппов есепті кезеңде ТЖ алдын алу және жою саласында ауқымды жұмыс атқарылғанын атап айтты. “Біздің бірлесіп істеген жұмысымыздың нәтижесінде ТЖ саны өткен жылмен салыстырғанда – 18%-ға және қаза тапқандар саны 17%-ға азайды”, – деді Павел Владимирович.

“ӨС және АҚҚ” ММ-нің бастығы Серік Ғайсин өзі басқарып отырған мекеме жұмысының тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер келтірді. “Өртсөндірушілер төтенше жағдай аймағынан 1794 адамды құтқарып, қауіпсіз орындарға көшірді. Жыл басынан бері гарнизон бөлімшесінің қызметкерлері апаттық-құтқару жұмыстарына 139 рет шықты, нәтижесінде 164 адам құтқарылды. Оның ішінде – 17 бала, 35 адам көшірілді, қар құрсауынан 65 автокөлік босатылды”, – деді ол.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp