«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚ ҚАРЖЫ ПОЛИЦЕЙІ БОЙЖЕТКЕНГЕ ӘКЕСІН ТАБУҒА КӨМЕКТЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының Қаржы полициясы департаментінің қызметкері Дмитрий Ли “Жди меня” танымал телехабарында қыз балаға өз әкесін табуға көмектесті.

“Жақында маған “Жди меня” бағдарламасынан телефон соғып, менің ата-анамды достары көп жылдардан бері іздеп жүргендігін айтты. Әңгіме барысында олар іздеуде жүрген адамдарды біздің өңірден қарап көруді ұсынды. Әрине, мен жалғыз іздеген жоқпын, маған достарым мен әріптестерім көмектесті”, – деді Д.Ли.

Тележүргізуші Михаил Ефремов мені “аса құнды көмекші” деп атады. “Ол біздің сайтымыздан өзінің ата-анасын достары іздеп жүргендігін көріп, сосын бізге көмектеспекші болды, біз оған Петропавлдан іздеп көр деп бірнеше тарихи оқиғалардың сюжетін ұсындық. Міне, осылардың бірі – Сіздің хатыңыз”, – деді жүргізуші әкесін іздеп келген қызға бағыттап.

Іздеушінің сөзі бойынша әкесі қызының бар екенін білмейтін көрінеді. “Олар Қазақстанда танысып, кейін мамам жүкті болған кезінде аралары суып, хабарласпай кеткен сияқты. Сондықтан да ол менің бар екенімнен беймәлім. Менің білетінім, ол Қазақстанда, Петропавл қаласында тұрады”, – деді қыз бағдарламада. Михаил Ефремов қызға әкесімен қалай байланысуға болатынын жеткізді.

“Жақын адамдардың табысқандары көңілге қуаныш әкеледі”, – деп санайды Дмитрий Ли.

“ҚазАқпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp