Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ.
Әр істе әділ бол. Әділ болсаң әлді боласың.
Қаруың – білімің мен тілің, сүйенішің, тірегің – ақылың болсын.
Әркімнің ішкі нұр сәулесінің үш аты бар, ол: еңбекқорлық, жақсылық, кішіпейілдік.
Егер қадірлі болғың келсе, халқыңның қадірін біл.
Бар пәледен ұят сақтайды. Барлық істің байламы да ұятта.
Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз.
Сәлем берген – саулық береді.
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі– жақсы сөз.
(Жалғасы бар).