«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ – ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ КӘСІП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері егемен еліміздің әскери доктринасына сәйкес жылдан-жылға дами түсуде. Соған орай алға қойылған міндетті шараларды тұрақты түрде жүзеге асыру мақсатында айбынды Қарулы Күштеріміз жаңаша бағыт ұстанып, армиямызды жеке құраммен жинақтауда кезең-кезеңмен келісімшарт-кәсіби жүйеге көшуге кіріседі.

Владимир ТИТОВИЧ,

“Қарулы Күштер ардагерлері”

республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық кеңесінің мүшесі, запастағы

подполковник.

Республика Президенті, Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдымызға қойған міндетке сәйкес Қазақстан армиясы кәсіби әскерге айналады. Оның негізін Отанына шынайы берілген, келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілер құрайтын болады. Олар заманауи техникамен және қару-жарақтармен жарақтандырылады, еліміздің әскери және ұлттық қауіпсіздігін сақтауда кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, оңтайлы да ұтқыр, күшті де қуатты армияда өздерінің міндеттерін атқарады.

Армияны кәсібилендірудің басты міндеттерінің бірі шағын, жақсы қаруланған жинақы да жоғары кәсіби әскер құруға саяды, ол еліміздің әскери қауіпсіздігін сақтауда оның берік негізі болмақ.

Осыған орай Солтүстік Қазақстан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі басқарма және оған қарасты бөлімдер келісімшарт бойынша әскери қызмет етуді қалайтын үміткерлерді зерделеу және іріктеу жұмысын ұдайы жүргізіп келеді.

Қазіргі уақытта Ново-Ахмирово кентіндегі 27943 әскери бөліміндегі, Астана қаласындағы 68665 әскери бөліміндегі, Алматы қаласындағы 61993 әскери бөліміндегі Құрлықтағы әскерге қажетті қызметтердің бос орындарына толықтыру жүргізілуде.

Әскери қызметтің артықшылығы:

1. Кепілді және уақтылы түрде лайықты еңбекақы. Жалақының көлемі бастапқы кезде әскери дәрежеге, лауазымына, санатына және тағы басқаларына қарамастан, 80 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін. Оның мөлшері әскери қызметінің еңбек сіңірген жылдарына және лауазымына сәйкес өсіріледі.

2. Мемлекет есебінен ай сайынғы жалақысының 20 пайызы мөлшерінде зейнетақы қорына аударылады.

3. Мемлекет есебінен тұрғын үй алуға кепілдік.

Тұрғын үй қорында қызметтік баспана болмаған жағдайда тұрғын үй жалдауға, яғни жалға алуға ақшалай өтемақы беріледі. Оның мөлшері отбасы мүшелерінің санына және қызмет орнына байланысты белгіленеді. Мәселен, Астана қаласында – 106 812 теңге, Өскемен қаласында – 48 114 теңге, Тараз қаласында – 34 614 теңге, ал Ақтөбе қаласында – 52 218 теңге мөлшерінде.

4. Әскери қызметшілерге және олардың отбасысына мемлекет есебінен әскери-медициналық мекемелерде медициналық қызмет көрсету (диагностика жасау және емдеу).

5. Мемлекет бекіткен норма бойынша заттай мүлікпен қамтамасыз (киім, аяқкиім) ету.

6. Әскери қызметшілер кезекшілікке шыққанда оқу-жаттығу орнында, ұшуға әзірлік жасап, оны орындауда, әскери эшелондарда ере жүру кезінде, стационарлық ем алғанда және тағы басқа жағдайларда мемлекет есебінен тағаммен қамтамасыз ету.

7. Келісімшарт бойынша әскери қызмет атқаратындар басқа жерге ауысатын болса және онысы 100 шақырымнан алыста болса, әскери қызметшіге 2 айлық мөлшерде көтермеақы және онымен бірге көшіп келген отбасы мүшелерінің әрқайсысына жарты айлық мөлшерінде көтермеақы.

8. Жыл сайын негізгі демалыс. Оның ұзақтығы еңбек сіңірген жылдары ескеріліп белгіленеді: 10 жылдан кем болса – 30 тәулік, 10 жылдан 20 жылға дейін – 35 тәулік және 20 жылдан жоғары болса – 40 тәулік.

9. Негізгі қызметтік демалысқа қоса, қосымша демалыс беріледі:

– оқу кезінде – жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырарда және одан кейін онда оқығанда;

– шығармашылық – ғылым докторы дәрежесін алу үшін ізденушілерге және тағы басқаларға.

10. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға жұмсалған шығынның орнын толтыру құқығы. Оқуға төленетін ақының 50 пайызы бюджет қаражаты есебінен төленеді.

11. Әскери қызметшілердің балаларына тұрғылықты жерлері бойынша балабақшалардан кезексіз орын беру.

Бұл мемлекет тарапынан Отан қорғаушыларға жасалып отырған жағдайдың бір бөлігі ғана.

Қарулы Күштердің қатарына алыну өз әлеуетіңді жүзеге асыру, мансабыңның өсуіне мүмкіндік және кәсіби деңгейіңді өсіру болып табылады.

Әскери қызметші болу – жоғары мәртебе, көптің құрметі және өзіңіздің, отбасыңыздың әлеуметтік жағынан қорғалуы. Отан қорғау сапына тұруға бел буған Сіз ортақ үйіміз – Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс қабілетінің жоғарылай түсуіне үлес қосасыз.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp