«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУРЕТ САЛУДЫ ҰНАТСАҢ, байқауға қатыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өз ойларын, арман-тілектерін қағаз бетіне түрлі түстермен салуды ұнататын ұл-қыздар үшін “Солтүстік Қазақстан” газеті мен Вееline Қазақстан бірлесе байқау ұйымдастыруда. Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған байқауға Отан, туған жер, ел, бейбітшілік, бірлік тақырыбында салған суреттеріңізді жолдаңыздар. Байқауға мектеп жасындағы балалар қатыса алады. Сайыс жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталады.

Редакциямызға хат жолдаған Жамбыл ауданының тұрғыны Томирис Шаяхметова Майбалық орта мектебінің 4-сынып оқушысы екен. Ол “Қазақстанның достығы” деп атаған өзінің суретінде елімізде өмір сүретін этностарды бейнелеген. Көк тудың көрінісінде өзге ұлт өкілдерін бейнелеп, халықтар арасындағы достықты осылай әспеттеуге тырысқан. “Жарайсың!” дегіміз келеді Томириске. Оның сыныптасы Мұрат Бірімжанов та газетімізге өзінің “Туған жер” атты суретін жолдаған. Кең ауқымды туған жер ұғымына туып-өскен ауылының бейнесін сыйғыза білген ол, өз үйінің де суретін бейнелеуді ұмытпапты. Мұраттың суретіне қарап, оның, әсіресе, үй-жануарларын ұнататынын байқауға болады.  

Суреттерді салғандар

Томирис ШАЯХМЕТОВА,

Мұрат БІРІМЖАНОВ,

Майбалық орта мектебінің

4-сынып оқушылары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp