«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАМ ӨЛТІРІП, ҰЙЫҚТАП ЖАТҚАН жерлерінен тұтқындалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда бұрын сотталған екі азамат ішімдік ішу барысында бөтелкелесін денесіндегі татуировкасы үшін соққыға жығып өлтірген. 

Ер адамдар арасындағы жанжал 40 жастағы әйелдің үйіндегі отырыс барысында шыққан. Үй иесі өзі масайған азаматтарды шығара алмаған соң полицияға хабарласқан. Учаскелік инспектор аталмыш пәтерге келген кезде екі ер адамның ұйықтап, ал үшіншісінің асүйде өліп жатқанын көрген. Әйел адам қонақтарының бірінің қаза тапқанын білмеген.
Оқиға орнында ұсталған екі ер адамның айтуларынша, жанжал жәбірленушінің денесіндегі татуировка үшін шыққан. Олардың пікірінше, денедегі суреттер қылмыстық әлемдегі қағидаға сәйкес салынбаған. Осы үшін 36 жастағы бөтелкелестерін ұрып соғып, кейін арақ ішіп, ұйықтап қалған.
Жер жастанған азамат та бұрын істі болған. Тергеу жүргізілуде.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp