«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСТЫҚ ЖИНАУ ТОҚТАП ТҰР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауа райы жағдайына байланысты орақ жұмыстарында барлығы өзгеріссіз күйде қалып отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 18 қазандағы жедел ақпараттық көрсеткіштері бұрнағы күннің деректерін қайталайды. Атап айтқанда, орылған астық сол бұрынғысынша 3487,8 мың гектарды немесе 97,6 пайызды құрайды. Бастырылғаны – 5113,1 мың тонна, орташа гектар шығымдылығы 14,7 центнерді құрайды. Өткен жылы бұл 13,0 центнерден айналған болатын.

Танап берекелігі жағынан сәйкес түрде 17,0, 16,9 және 16,4 центнерден астық жинаған М.Жұмабаев, Қызылжар және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандар жақсы шығымдылыққа қол жеткізіп отыр. Ал небары 11,1 центнерден астық жинап жатқан Тимирязев ауданы ең аз өнім алуда.

Жиі жауған жаңбыр майлы дақылдар жинауды да тоқтатып тастады. Олардың 367,5 мың гектары немесе 83,7 пайызы орылып, 241,0 мың гектары ғана бастырылды. Бұл 54,8 пайызды құрайды. Орташа гектар шығымдылығы 12,5 центнерден.

Толық көлемде атқарылған жұмыс – 510,0 мың тонна тұқым құйып алынды.

(Ресми ақпарат). 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp