«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАРАТЭШІЛЕР КҮШ СЫНАСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық классикалық гимназиясында каратэ-до бойынша облыстық жарыс өтті. Сайысқа “Намыс”, “Ақсарбас” және күрес БЖСМ-нің спортшыларынан жасақталған құрамалар қатысып, 53 спортшы бақ пен бап сынады.

Жарысқа қатысушылардың ең кішісі – 7 жаста, үлкені 16-да болды. Сайыс каратэ-до-ның кумите және ката деп аталатын жекпе-жек түрлері бойынша ұйымдастырылды.
Сайыстың қорытындысына келер болсақ, ката және кумите бағдарламалары бойынша – Кирилл Джума (10-11 жас), Мырзахмет Амандықов (12-13 жас), Нұрсұлтан Амандықов (14-15 жас), Темірлан Қадыров (16 жас) үздік атанып, жарыс жеңімпаздары атанды.
Турнирдің ұйымдастырушылары: облыстың каратэ федерациясы мен облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы жеңімпаздар мен ерекшеленген спортшыларға естелік сыйлықтарын ұсынды.
Жеңімпаз атанған файтерлер қазанның 19-20 күндері облыс орталығында өтетін “Жекпе-жек” ашық турнирінде өңір намысын қорғайтын болады. Аталмыш додаға Қазақстан және Ресей спортшылары қатысып, өзара мықтыларды анықтамақ.
(Өз тілшімізден).
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp