«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НЕСИЕ – ҚАРЫЗ, ҚАЙТАРУ – ПАРЫЗ дегенмен, жеке сот орындаушыларының борышкерлермен жұмысы бәсеңдер емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Шындық іздеп шарқ ұрған азаматтардың бірі али-мент өндіре алмаса, екіншісі қарыз ақшасын қайтара алмай, сотқа жүгінуге мәжбүр болып жатады. Алайда, соттың шешім шығаруы бір бөлек болса, оның орында-луы – өз алдына үлкен іс. Осы салада еңбек етіп келе жатқан Петропавл қалалық атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы Дина Темірханова өз қызметіне қатысты мәселелерді ортаға салды.
Заң бойынша борышкер бес күн ішінде ерікті түрде сот шешімін орындауы тиіс. Ал сот шешімі орындалмаған жағ-дайда іске сот орындаушысы кіріседі. Ол екі айдың ішінде соттың шешімін орындатуға міндетті. Алайда, заң талапта-рына бағынатындар сирек. Осыдан екі-үш жыл бұрын сот шешімдерін орындау ісі тек мемлекеттік сот орындаушыла-рының құзырында болса, 2010 жылдан бастап жеке сот орындаушылары да атқарушылық іс жүргізуге жеңдерін тү-ріп кіріскен болатын. Аталған жүйе елімізге енгізілмес бұрын Батыс елдерінің тәжірибесі екшеленіп, жан-жақты талқы-лаудан кейін ғана жеке сот орындаушылары институты жүйесі енгізілді. Аз уақыт ішінде аталған қызметтің тиімділігі көріне бастады.

– Мемлекеттік сот орындаушылары мен жеке сот орын-даушыларының құқықтары бірдей десе де болады. Жеке сот орындаушылары да сот актілерін орындайды. Мемлекет пен жеке және заңды тұлғаның пайдасына жұмыс істейді. Жеке сот орындаушылары мемлекеттен еңбекақы алмайды. Олар борышкер төлейтін қаржының он пайызын иеленетін болғандықтан, қай уақытта да істі соңына дейін жеткізуге тырысады. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 4 жеке сот орындаушысы бар. Заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ банктер көмегімізге жүгінеді. Соңғы үш-төрт айдың ішінде ірілі-ұсақты 50-ге жуық сот актісін орындадық. Оның тең жар-тысы – облыс аудандарынан, – дейді Дина Қуандыққызы.
Жеке сот орындаушыларының тағы бір артықшылығы – сан емес, сапа қуады. Мәселен, мемлекеттік сот орындау-шысы сот актілерінің көптігінен кей жағдайда істі шешіп үлгере алмай жатады. Ал жеке сот орындаушыларында сот актілері әлдеқайда аз болады. Әрі жұмыс оларға еріксіз таңылмайды. Қолынан келетін істі өздері таңдап алады. Бұл жерде азаматтар шетелдегідей сот орындаушысын өз қа-лауы бойынша таңдайды. Сот шешімін орындау кезінде же-ке сот орындаушыларының борышкердің жылжитын, жыл-жымайтын мүлкін тәркілеуге құқысы бар. Жылжитын мүлікті сол жерде бағалап, ал жылжымайтын мүлікті бағалау комиссиясына жібереді.
Жеке сот орындаушысына қойылатын талаптар да жо-ғары. Аталған мамандықтың иесі атану үшін алдымен жоға-ры заң білімі және мемлекеттің сот орындаушысы болып бес жыл жұмыс істеуі керек. Осыдан кейін барып арнайы сынақ арқылы конкурстан өтіп, лицензия алады.
Дина Темірханованың айтуынша, сот шешімін уақытын-да орындамайтындар көп. Әсіресе, жеке тұлғаларға қатыс-ты шешімді орындату қиын. Сот орындаушысы келгенде есі-гін ашпайтындар бар. Осыған қарамастан, іс аяқсыз қал-майды. Соттың шешімін орындамайтын азаматтарға заң бойынша әкімшілік жаза қолданылады. Бірақ мұндай жа-заны мемлекеттік сот орындаушылары ғана қолдана алады. Ал жеке сот орындаушылары Сот актілерін орындау департаментіне борышкерге шара қолдану туралы ұсыныс жібереді.
– Азаматтардың көпшілігі заңды білмегендіктен, жапа шегіп жатады. Әсіресе, алаяқтардың құрығына ілігетіндер көп. Тіпті, бір миллион теңгеден асатын қаржыны ешқандай кепілсіз қарызға беретіндер де бар. Көп жағдайда қарыз алатындар алаяқ болып шығады. Олар заңды өте жетік біледі. Бізге осындай іс түссе, қарыз ақша алған адамның атында мүлік бар ма, жоқ па – соны тексереміз. Көп жағдай- да мұндай адамдар өз атына мүлік тіркемейді. Егер борыш-кердің атында ешқандай мүлік болмаса, қарызды қайтару қиын. Тіпті, ол адам өмір бойы қарызын қайтармай жүре бе-руі мүмкін. Жағдайының жоқ екенін, бірақ қайткенде қай-таратынын айтып, ақталады. Ал күштеп жұмыс істете ал-майсың. Осы жерде заңның әлсіздігі байқалады. Егер заң бойынша мұндай адамдарға қатаң жаза қолданылса, олар жауапкершілікті сезінер еді, – дейді Дина Темірханова.
Сот орындаушысы алаяқтың қармағына ілікпеу үшін ал-дымен заңды білген жөн екенін айтады. Біреуге, тіпті, жақын таныс пен ағайынға қарыз бергенде мұқият болған дұрыс. Қа-рыз берген жағдайда міндетті түрде кепіл сұрау керек. Және кепілге қоятын мүлік қарыз алушы адамның атында екеніне көз жеткізіп алған жөн. Себебі, кепілге қойған үй кейін тексере келгенде банкте кепілде тұруы мүмкін. Бұған қоса қарыз алушының әйелі немесе күйеуінің келісімі болуы керек. Мәселен, қарызды бермей кетіп, сот шешім шығарған кезде борышкердің әйелі ештеңені білмейтінін айтып ақталып жатады. Бұл шешімнің орындалуына қиындық келтіреді.
Егер алаяқтардың құрығына түсіп қалсаңыз, сот шешімі бойынша мемлекеттік немесе жеке сот орындаушылары бо-рышты қайтаруда барын салуға тырысады. Алайда, сот шеші-мін орындату оңай шаруа болмағандықтан, қарыз алу немесе беру мәселесінде абай болып, сақтық танытқанымыз абзал.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp