Ақжар ауданында 1 миллион теңгеден астам соманың бидайын ұрлау фактісі тіркелді.
Шаруа қожалығына тиесілі 25 тонна бидай егін алқабынан жоғалған. Кейін ұрлықты сол қожалықтың механизаторы мен бригадирі жасағаны белгілі болды. Олар алдын ала келісіп, бидайды көрші алқапқа шығарған. Бұдан соң сатып алушыларды күткен. Пысықай жігіттердің осы оқиғаға дейін де бидай ұрлағаны анықталды. Төрт күн бұрын алқаптан 21 тонна астықты сату мақсатында басқа жерге шығарып тастаған. Ұсталғандар өз кінәсін мойындап отыр. Екі факті бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.