«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІРКЕЛМЕГЕН ҚАРУ-ЖАРАҚ ТАПСЫРЫЛУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында тіркелмеген қару-жарақты тегін тапсыру жөніндегі акция жалғасуда. Ерікті түрде полицияға келіп, қаруын өткізген 43 адамға жалпы сомасы 1,5 млн. теңгенің сыйақысы төленбекші.

1 қыркүйекте басталған қару, патрондар мен жарылғыш заттарды тапсыру акциясының мерзімі 31 қазанға дейін ұзартылды. Бүгінгі күні СҚО ІІД-ге осы жөнінен 224 өтініш түскен.

Облыс тұрғындары 224 тегіс оқпанды, 38 иір ойықты ұзын оқпанды, 2 иір ойықты қысқа оқпанды, 2 иір ойықты автоматты, 2 травматикалық қару мен 1 минаны және иір ойықты мылтықтың 5091 оғын әкеліп тапсырды. Бұлардың арасында ең көне қару саналатын Шпагин пулеметі мен “БОРЗ” пистолеті де бар.

Әкімшілік полициясы басқармасының бөлімше бастығы Еркін Хамзиннің айтуынша, тұрғындар заңсыз түрде иеленген қару-жарақтарын ішкі істер органдарының кез келген аумақтық бөлімшесіне 10-нан 100-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі ақшалай сыйақыға тапсыра алады. Ақшалай сыйақы азаматтардың дербес шотына аударылатын болады. Сондай-ақ өз еркімен келіп, қару-жарақ тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауаптан босатылады.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp