«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕБЕРЛІКТІ ШЫҢДАУ КҮНІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алма МЫРЗАЛИНОВА,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры.

Мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында институтта жас қызметкерлердің шығармашылығы және кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіру күні ұйымдастырылды. Бұл күні кафедра оқытушылары және бөлім мамандары өздерінің қабілеттілігін арттыру мақсатында “Білім беру қызметінің сапасын бақылау” тренингін, “Оқыту үдерісі кезінде қызмет көрсетуді пайдалану” шеберлік сыныбын, “Баспа қызметі арқылы педагогикалық тәжірибе жинақтау” интерактивті таныстыру рәсімін өткізді. Сондай-ақ әдістемелік оқу құралдарының көрме-жәрмеңкесі өтті. Барлық бағдарламалар жоғары деңгейдегі шеберлікпен ұштастырылды.
Шара соңында оқытушылардың біліктілігін арттыру үдерістерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp