Уәлиханов ауданының полицейлері бұрын сотталған облыс тұрғыны жасаған бес қылмысты ашты.
Уәлиханов АІІБ-іне Телжан ауылының екі тұрғыны арызданып, күндіз дәліздеріндегі алюминий бөшкелерінің жоғалғандығын айтқан. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері осы оқиға бойынша туыстарына қонаққа келген Петропавл қаласының жұмыс істемейтін тұрғынын ұстады. Ер адам ақша табу мақсатында бөтен аулалардан алюминий бөшкелерді, “Дружба” арасын және аяққиімді жымқырып кеткен. Бұған қоса қонақтың тағы үш қылмыс жасағаны белгілі болды. Ұрланған заттар иелеріне қайтарылды. Қылмыстық іс қозғалды.