«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ – ҮШІНШІ ОРЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Өскемен қаласында волейболдан Қазақстан кубогы жолындағы бәсеке басталды.
Оған ерлер арасында Ұлттық лигадан – 4 (“Атырау”, “Есіл”, “Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс”, “Тараз”), Жоғары лиганың “А” дивизионынан – 4 (“Динамо-Қазығұрт”, “Ұшқын-ҚазҰАУ”, “Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2”, “Семей”) және “Б” дивизионынан – 2 команда (“Динамо-Қостанай” мен “Астана-Ұлан”) қатысуда. Ал өткен ел чемпионатында үздік төрттікке кіргендер жарыстың келесі кезеңінен бастап қатысады.
Аталмыш ойында “Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс” (Өскемен) командасы “Атырау” командасын 3:1 есебімен жеңіп, ұпай саны бойынша турнир кестесінде топ бастаған болатын. Екінші орында “Атырау” болса, 3:2 есебімен Алматының “ҰшқынҚазҰАУ” командасынан басым түскен “Есіл” құрамасы үшінші болды. Ал алматылықтар төртінші орынға жайғасты. Сөйтіп, раунд бойынша Ұлттық лига командалары көш бастап отыр.
Алғашқы раундта күш сынасқан 10 команданың ішінен үздік шыққан төртеуі енді қазанның 23-іне дейін өтетін жартылай финалда бақ сынайтын болды. Онда олар “Алматы”, “ТНК Қазхром” (Хромтау), “Конденсат” (Орал), “Павлодар” командаларымен сайысқа түсетін болады.
 
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp