«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МАМАНЫ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Серік ДҮЙСЕМБЕКОВ,

СҚО ТЖД “Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметі” ММ бастығының орынбасары.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты – “Өрт қауіпсіздігі” мамандығы бойынша жоғары білімді мамандарды даярлайтын дербес оқу орны. Қазіргі уақытта институт “Өрт қауіпсіздігі” мамандығы бойынша бакалавр біліктілігі берілетін жоғары кәсіптік білімді мамандарды даярлауды жүзеге асыруда.

Институтта оқу-тәрбие барысы Қазақстан Республикасындағы білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған. Институт құрамында үш факультет, бес кафедра, ғылыми-зерттеу және редакция-баспа бөлімі, ғылыми кітапхана бар. Факультеттер толығымен профессорлық-оқытушылық құраммен қамтамасыз етілген. Дәрісханалық қор заманауи оқыту құралдарымен, зертханалық құрылғылар және оргтехникамен жабдықталған, арнайы техника мен құрал-жабдықтардың ең жаңа үлгілері бар.

Көкшетау техникалық институтының Күндізгі оқу бөліміне іріктеу және қабылдау ережесіне сәйкес 25 жасқа дейінгі әскери қызмет органдары мен ҚР ТЖМ бөлімшелерінің қатардағы және басқарушылар құрамының тұлғалары, оқу жылының басында 17 жасқа толған, жалпы орта және орта кәсіптік білімі бар, әскери қызметке денсаулығы жарамды, түсу емтихандарын (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, физика және математика, негізгі пәні – математика) табысты тапсырған және іріктеу конкурсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматы қабылданады. Математикадан 7-ден кем ұпай алған тұлғалар Қазақстан Республикасы ТЖМ-ның Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу кезінде конкурстық іріктеуге жіберілмейді. Сонымен қатар талапкер турникте тартылу, 100 және 3000 метрге жүгіру бойынша нормативтерді тапсырады.

Курсанттар қатарына алынған азаматтар казармалық жағдайда болып, жақсы жабдықталған жатақханаларда тұрады. Мемлекет есебінен тамақтанып, шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Оқу мерзімі – 4 жыл. Институтты бітіргеннен кейін мамандар міндетті түрде жұмысқа орналастырылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp