«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСӨСПІРІМ КИКБОКСШІЛЕР БАҚ СЫНАСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда кикбоксингтен облыс біріншілігі өтті. Дүбірлі додаға Мағжан Жұмабаев, Шал ақын, Қызылжар, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардан және облыс орталығынан 70-тен астам спортшы қатысты.

Чемпионатқа қатысушылар – 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер.

Екі күнге созылған бәсекелі доданың жеңімпаздарына жеке тоқталар болсақ, 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында – Данияр Жарасов (36 кг.), Қайрат Қамзаев (42 кг.), Әбдужаппар Мұхымтаев (46 кг.), Александр Зацепин (48 кг.), Ринат Зейнулов (54 кг.), Влад Любовицкий (+60 кг.) қарсыластарынан басым түссе, 1997-1998 жылдары туғандар арасында – Николай Могильный (42 кг.), Данияр Жантасов (48 кг.), Сергей Лазовский (51 кг.), Нұрлан Алдабергенов (54 кг.), Никита Сипягин (57 кг.), Елнұр Нұрмұқанов (63,5 кг.), Ернар Ташқарбаев (67 кг.) топ жарды. Ал Рүстем Мейрамов (51 кг.), Данияр Қажымұратов (54 кг.), Александр Лазовский (60 кг.), Айдар Зағыпаров (63 кг.), Рамазан Бахтығареев (67 кг.), Айдар Жүніспаев (71 кг.) және Жандос Қалиұлы (75 кг.) – 1996 жылы туғандар арасында мерейлері үстем болды.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылғандар 31 қазан – 3 қараша аралығында Петропавлда өтетін республикалық біріншілікте, ал жасы кішілер арасында топ жарғандары Тараз қаласында өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp