«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛДЫҚ ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР – ЖЕҢІМПАЗДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру бөлімдерінің арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық жарыс өткізілді.

Жарысқа Петропавл қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімдері қатысты.

Жаттығу мұнарасындағы 4-ші қабаттың терезесіне шабуылдау сатысымен көтерілу бойынша басқарма аппараты командасының өкілі Руслан Мукеев алдына жан салмады және кедергілері бар 100 метрлік жолақты бағындыру бойынша ең жақсы нәтиже көрсетті. Екінші орынды1-ӨСБ өртсөндіруші Сергей Чуенков жеңіп алды. Жауынгерлік қанат жаю бойынша 2-МӨСБ командасы биік тұғырдан көрінді.

Жарыстың қорытындысы бойынша өте жақсы нәтиже көрсеткен Петропавл қалалық 2-МӨСБ жеңімпаз атанды. Жалпыкомандалық екінші орынды 1-ӨСБ жеңіп алса, үшінші орынды 5-ӨСБ командасы иеленді.

Жарыстың жеңімпаздарына салтанатты түрде сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp