«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЛАВЯН МӘДЕНИЕТІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында орыс Православие шіркеуінің, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының, “Қазақстанның Орыс қауымдастығы” Солтүстік Қазақстан филиалының және “Сібір казактарының бауырластығы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Покровский перезвон” славян мәдениетінің облыстық фестивалі болып өтті. 

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Бұл шара өңірімізде 2006 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Әдеттегідей осы жолғы да фестивальге түрлі жастағы өнерпаздар жиналды. 17 көркемөнерпаздар ұжымының арасында әулие апостолдар Петр мен Павел соборының православие хоры, өнер колледжінің орыс халық аспаптары оркестрі ерекше көзге түсті. Әулие апостолдар Петр мен Павел соборының бозбалалар хоры діни әндерді нақышына келтіре орындап берді. Макинск қаласынан арнайы келген “Благовест” казак халық хоры өз туындыларына кезек берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын фестивальге қатысушылардың қатарында жас буын өкілдері артып келеді.

Суретті түсірген

  Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp