«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРИЯЛАР ҰЛЫ АҚЫНМЕН ҚАУЫШТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында “Өйтпесе, Мағжан бола ма?” қойылымы қарттарды қолдау айлығының аясында көрсетілді. Оны облыстың ардагерлері тамашалады.

Театрға Мамлют, Қызылжар, Аққайың және облыс орталығының алдыңғы толқын өкілдері жиналды. Жерлес ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына негізделіп сахналанған қойылымды көруге ауыл-аймақтардан арнайы келген ардагерлер қайырымдылық іс-шарасын өткізген театр ұжымына разылық білдірді. Ақын өлеңдеріне жан бітіре білген қойылымды көре отырып, көзіне жас алмаған көрермен болмады. “Өлімді әлдилеп”, “жастарға сенген” Мағжанның бейнесімен сахна төрінде қауышқан алдыңғы толқын өкілдері бұл спектакль жайында әлі талай толғанатындары олардың жүздерінен байқалды.

(Өз тілшімізден).

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp