«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮМКІНДІГІНШЕ МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР ЖИНАЛУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша, өткен демалыс күндеріндегі орақ жұмыстары айтарлықтай өзгеріс әкелген жоқ. Ауа райының жауын-шашынды болуына байланысты дәнді дақылдарды жинау бір аптадан бері 97,6 пайыздық көрсеткіштен жылжымай қойды. Кешегі күнге дейін сол бұрынғысынша 3487,8 мың гектардың дәнді дақылдары орылып, барлығы 5113,1 мың тонна астық бастырылғаны туралы ақпарат өзгеріссіз күйінде қалып отыр. Жиналған алқаптардан орта есеппен 14,7 центнерден өнім алынды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 13,0 центнерді құраған болатын.

Гектар берекелілігі жағынан сәйкес түрде 17,0, 16,9 және 16,4 центнерден астық алған М. Жұмабаев, Қызылжар және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандар озық тұр. Ең төменгі 11,1 центнерлік өнім Тимирязев ауданында.

Шабылған майлы дақылдар 383,9 мың гектарға немесе 87,4 пайызға жетті. Оның бастырылғаны 281,0 мың гектар немесе 63,9 пайызды құрайды. Орташа түсімі сәл кеміп, 12,3 центнерден өнім алынуда.

Облыс бойынша 510,0 мың тонна тұқым құйылып, тапсырма 100,0 пайызға орындалды.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp