«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘУЕЛСІЗДІК СТЕЛАСЫ АЛАҢЫНДАҒЫ АВТОШЕРУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Төтенше жағдайлар қызметінің құрылу күніне орай облыс орталығының Тәуелсіздік стеласы алдында құтқарушылар мен өртсөндірушілердің арнайы техникаларының көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде өрт сөндіру және апаттық-құтқару, сондай-ақ судан құтқару қызметтері өздерінің арнайы автокөліктерін, құтқару жабдықтары мен саймандарын қалалықтардың назарына ұсынды. Тізілген өрт сөндіру көліктері қала тұрғындарының назарын еріксіз аударды. Олар апаттық-құтқару автомобильдерін, автоцистерналарды, автобаспалдақтарды, сондай-ақ байланыс және жарықтандыру көліктерін тамашалады. Бұл техникалардың барлығы өрт, жол-көлік оқиғалары кезінде, су тасқынында, қар басып қалғанда және басқа да төтенше жағдайлар кезінде қолдануға сақадай сай тұр.

Өртсөндірушілер мен сүңгуір-құтқарушылар қызығушылық танытқандарға көліктердің құрылғылары жайлы баяндап, олардың қандай жағдайда пайдаланылатынын әңгімелеп берді. Сонымен қатар тыныс алу мүшелерінің жеке қорғанысы құралдарын киіп көруге және суретке түсуге рұқсат етілді.

Қала тұрғындары құтқарушыларды төл мерекелерімен құттықтап, оларға қауіп-қатерге толы күндердің аз болуын тіледі.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp