«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛАУШЫ және ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы 9 айда облыс көлігімен 36,3 млн. тонна жүк және 370,7 млн. жолаушы тасымалданды.

2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк тасымалдау көлемі (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлердің және көліктік емес ұйымдардың жүктерді автотасымалдау көлемін бағалаумен) 36300,2 мың тоннаны немесе 2012 жылғы сәйкес кезеңге 109,4%-ды құрады. Жүк айналымы көлемі 2273,2 млн. ткм немесе 105% құрады.

2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте барлық тасымалдаушы санаттарындағы жолаушы көлігімен 370668,1 мың адам тасымалданды немесе 2012 жылғы сәйкес кезеңге 105,7%-ды құрады. Жолаушы айналымы (бағалау есебімен) 2769,8 млн. жкм немесе 108,9% құрады.

Жалпы жолаушы тасымалдау көлемінің 76%-ы (281623,3 мың адам немесе 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекке 105,5%) автобуспен, 0,6%-ы (2552,1 мың адам) троллейбуспен орындалды. Жолаушы тасымалының қалған көлемі (23,6%) жекеменшік жеңіл таксомоторларға келеді. Автобустардың жолаушы айналымы 2250,8 млн. жкм құрады немесе 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекке 111,4%, троллейбустар – 5,6 млн. жкм.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp