«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КҮШЕЙЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зейнетақы жүйесін жаңғырту бағытындағы қайта құру қолданыстағы үлгінің ерекше еңбек жағдайларында жұмыс істеуімен байланысты тәуекелдерді өтей алмауына байланысты.

Арай НҰҒЫМАНОВА,

облыстық Бақылау және әлеуметтік

қорғау департаментінің әлеуметтік көмек және қолдау бөлімінің басшысы.

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандырудың ерікті кәсіптік сызбасы тиісті деңгейде дамымағанын атап айтқан жөн. Ол ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын көбейтіп және 53-55 жаста зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік береді деп болжанған еді. Алайда, қазіргі уақытта 4 мыңнан аса адам жүйеге қатысушы болып табылады, ал олардың жинақтары бар болғаны 100 млн. теңгені құрайды.

Еңбек жағдайлары ерекше жұмыста істейтін адамдардың жұмыстарының ерекшеліктерін ескере отырып, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (МКЗЖ) өту жүзеге асырылатын болады.

Енді еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдардың дербес зейнетақы шоттарына 15 пайыз зейнетақы жарналары түсетін болады, оның 10 пайызы қызметкердің өзінің еңбекақы төлеу қорынан және 5 пайызы жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Бұл олардың жүйеге үздіксіз қатысқаны (30 жылдан кем емес) және жүйелі түрде аударғаны (жылына 12 рет) кезінде зейнеткерлікке ерте шығуы үшін жеткілікті зейнетақы жинақтарына мүмкіндік береді.

Бұл ретте жұмыс берушіге де жүктеме азаяды, өйткені кәсіптік зейнетақы жарналарына төленетін сома салық төлемдерін жүзеге асырған кезде шегерімге жатқызылады.

Бұдан басқа, осы санаттағы адамдар үшін:

1) базалық зейнетақы төлемдері;

2) 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде 6 ай өтілі болған кезде ынтымақты (еңбек) зейнетақы;

3) жалпыға ортақ белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайына мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;

4) еңбек жарақатынан және кәсіби ауру салдарынан еңбек ету қабілетінен айрылған кезде сақтандыру компанияларынан төленетін өмірлік сақтандыру төлемдері сақталады.

Бүгінде міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебiнен олардың пайдасына міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тiзбесiн дайындау жұмысы аяқталды.

Тізбе жобасының түпкілікті нұсқасы 17 бөлімнен – өндіріс түрлерінен және кәсіптер, лауазымдар және оларды біріктіретін мазмұндардың атаулары көрсетілген үш мыңнан астам ұстанымдардан тұрады.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары зиянды, қауіпті жағдайлардағы еңбегі еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижесінде расталған қызметкерлерге қолданылады, аттестаттауды өткізу тәртібін еліміздің Үкіметі айқындайды.

Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау мамандандырылған 146 ұйымда жүргізілуде. Аталған ұйымдарды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өндірістік объектілерді аттестаттау бойынша қызметтерді жүргізу құқығына аккредиттеуге тиіс.

Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Сондықтан ұсынылатын шаралар зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын күшейтеді және еліміздегі артып келе жатқан өмір деңгейіне зейнетақымен қамсыздандыру шегінің барабарлығын арттырады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp