Үстіміздегі жылғы қаңтар-қыркүйекте облыстың өнеркәсіптік өндіріс өсімінің қарқыны жалпы республикалық деңгейден 2,4 пайыздық тармаққа жоғары болды.
2013 жыл басынан қолданыстағы бағамен 107,3 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді (шағын кәсіпорындар мен қосалқы өндірісті қоса), ол 2012 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейінен 4,5% жоғары болды.
Өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнім көлемі 81,2 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңіне 5,5%-ға ұлғаюмен жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 75,7%.
Өңдеу өнеркәсібінің айтарлықтай үлесін азық-түлік өндіру (60,9%) алады. Өңделген сүт және кілегей (1,8 есе), рапс майы және құс еті (1,6 есе), ет және тағамдық қосымша өнімдер (18,3%-ға), жарма (17,1), торттар және кондитерлік өнімдер (16,6%-ға) 2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегіден артық өндірілді.
Облыста компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдарды жасау (2,4 есе), жиһаз (35,4%-ға), ағаштан жасалған бұйымдар (30,5), химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру (22,2) және жеңіл өнеркәсіп (20,2%-ға) өндірісі сияқты салалар жоғары қарқынмен дамуда. Бұрғылау қондырғыларын (4 есе), теледидар қабылдағыштарын (3,4), ерлердің сырт киімін (2,8), ас- үй жиһазын (1,8 есе), бояулар және лактарды (31,4%-ға), дәнекерленген болат құбырларды (22,1), бөлу қалқандарын (17,1), өнеркәсіптік газдарды (16,9%-ға) және тағы басқаларды шығару ұлғайды.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда жылу энергиясын өндіру мен бөлу 1,8%–ға және электр энергиясы 4,7%-ға өсуіне байланысты нақты көлем индексі 103,2%-ды құрады.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және таратуды бақылауда 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты көлем индексі 96,9%-ды құрады.