«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТБАСЫЛЫҚ ЖАНЖАЛДАР жұбайлардың өлімімен аяқталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жексенбіде облыста екі қылмыс тіркеліп, солардың салдарынан екі адам қаза тапты. Уәлиханов ауданында орын алған ерлі-зайыптылар арасындағы отбасылық трагедияға кішкентай сәбилер куә болған. 

Мортық ауылының 40 жастағы тұрғыны ауруханаға бара жатқан жерінде пышақ жарақатынан жан тапсырды. Алдын ала материал жинау барысында анықталғандай, оның үйінде болған жанжал кезінде 32 жастағы зайыбы пышаққа жармасқан. Осы күні ер адам үйіне араққа сылқия тойып келіп, жанжал шығарған. Зайыбына шап бергенде қолына пышақ ұстап тұрған әйелі оны жұбайының кеуде тұсына қадаған. Қазір кәмелетке толмаған үш баланың анасына қатысты жаза қарастырылуда. Уәлиханов АІІБ бастығы Жанарбек Ысқақовтың айтуынша, осыған дейін бұл отбасы оң мінездемеге ие болып келген, отағасы – механизатор.  

Шал ақын ауданында да осындай отбасылық жанжал тіркелді. Ер адам өзінің зайыбын көсеумен ұрып өлтірген. Ерлізайыптылар бірлесіп арақ ішіп, осындай жағдайға тап болған. 24 жастағы отағасы уақытша оқшаулағышқа қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды.

 

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp