Қайырлы таң, жалпы алаш!
(Тілегім осы, халқым, рас!)
Өмір-ринг бірақ соғар гонг,
Басталар бірден жанталас.
Ісіміз ілгерілеу үшін
Іргесін оның бар қалас!
Атанның белі қайысқан
Отанның жүгін арқалас!
Бұйырмаса да бір бақыт,
Құйылмаса да ортақ ас;
Түріңе қара, жүнжіме,
Тіліңе туған шорқақ жас!
Баратындарың – күзет бір,
Табатындарың – он қалаш.
Адамның ойын бөгемес
Заманның мынау шарты оғаш.
Тайраңдап билей бермеңдер,
Жайраңдап көпке ортаны аш…
Отбасың өссін еңбекпен,
Жатпасын жолда жарты ағаш.
Ғұмырың өтсін қызықпен,
Құмарың онсыз тарқамас.
Қойылар сенің алдыңа
Сойылар қартқа марқа жас.
Адалдық деген асу бар,
Жамандық та бар – қорқа бас…
Табағын таңым тартқан соң
Басталды дей бер бар талас…
Отқа да, суға түседі, –
Онсыз да миы орта бас…
Су кешкен халық емес ек,
Қырда өскен жұртпыз малтымас.
Шоқ болып жатпас сөзіміз
От болып қалай шалқымас?!
Асау үшін мал жимадық,
Босау үшін арқа-бас…
Тойлау үшін тырбанар,
Қалмауы үшін мал тағы аш.
Табылар, әттең, достар аз,
Жабылар және сонша қас…
… Күн-күлше нанға қол созып,
Дүлдүлше көбі шаршамас!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 19.11.2024
- 0 қаралым
- 19.11.2024
- 0 қаралым
- 19.11.2024
- 0 қаралым
- 15.11.2024
- 19 қаралым
- 15.11.2024
- 5 қаралым