«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

1. ШЫҒАРМАЙДЫ БІР ШАЙСЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қыс көрмейтін
Түркияда сусайсыз,
көлеңке де іздеуге
уақыт жұмсайсыз.
Демің жетпей,
дүкендерге бас сұқсаң,
ешқайсы да
шығармайды бір шайсыз!


Ыдыстары –
шәшке де емес, кесе емес,
бардақтарын* қояды,
іші бос емес.
Дәл өзіндей
жүз грамдық рюмканың!
Тек астыңа
алаша да төсемес.
Шай қып-қызыл
коньягыңнан аумаған,
ішкен сайын
маңдайдан тер саулаған.
Шайды құрғақ ішпес
Қазақ болсақ та,
жаса, түркім,
көңілімізді аулаған!

Бөлмейді олар:
насрани я мұсылман –
баршасына
қою шайын ұсынған
қалың түрік,
тіл тимесін сендерге,
жарты ғалам
күнде өткенде тұсыңнан…
––––––––––––––––––––
* бардақ – шай ішетін шыны ыдыс

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp