«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2. ТҮРКІЛЕРДІҢ ҚАМЫН ЖЕГЕН ЕРЕН ЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Түрік, қазақ бауырлар ғой, достар-ай!
Біз – қара жер, сендер – биік аспан, Ай!
Жер мен көктің арасында жүретін
Жан адам бар ақыныңнан басқа қай?!
Сондай ақын ұлы Мағжан еді ғой,
Сұм заманға бас имеген асқағы-ай!

“Арғы атамыз – ер түрік” деп ол өтті,
Аузынан бір бауырларын тастамай…
Ата түрік азап шеккен жылдары
Ұл-қазаққа сіңсін енді ас қалай, –
Ұлы Мағжан өлеңменен жазды хат,
Қаламнан – жыр, көзден тамып
жас талай…
“Алтай – ортақ бесігіміз” деп еді,
Мың сан адам тұрса-дағы қостамай…
Түріктердің ұмыттырмад өткенін, –
Тарихының тұғырына тас қалай…
“Батыр түрік балалары, бірге бол!”
Басымызды өлеңімен қосқаны-ай!..
Содан бері орындалмай-ақ қойды,
Бабамызбен бірге өшкен
жоспары-ай!…

Өтті-кетті, міне, осылай кемеңгер,
Өр ақынды батырға да теңеңдер.
Түркілердің қамын жеген ерен ер,
Оны жұтты орны да жоқ терең жер.
Тәні жердің жасырылған астына,
Жаны ұрланған Мағжанды
жоқ демеңдер.
Қызылжары ғана емес, қалың ел
Мағжан десе, еміренер, елеңдер.
Қазағымыз түріктерге сәби ғой –
Қауышқанда тал бесікке бөлеңдер.
Тербетіңдер Мағжан-қазақ ұрпағын,
Ағыл-тегіл ақтарылсын өлеңдер!..

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp