Апатпен тынып сапары,
Ақшамда Күнің батады.
Қанжоса болған секілді
Қанталап қызыл шапағы.
Әзірейіл ә дегізбес,
Аранын ажал ашады:
Автокөлігін айдаса,
Тартатын адам нашаны.
Шаңдатса түнде тежеусіз,
Шыбын жан қайда қашады?!
Опат боп талай науқастар,
Ойсырап қалар ошағы.
Бұзықтар кездік тақаса,
Бандиттер мылтық атады.
Қалың жұрт бұдан бейхабар,
Қорылға басып жатады.
Түнімен тойлап жүрер, рас,
Кімнің көп ақша, атағы…
Жезөкше қыздар жалаңдап,
Жалаңаш тәнін сатады.
Лыпылдап лек-лек жұбайлар,
Ләззаттың дәмін татады.
Түн, әттең, тыныш болмайды,
Ұйқыңды шайдай ашады:
Бәріне тап-тап береді, –
Бұралқы иттер “жасағы”;
Баж еткен мысықты естіртпес, –
Нашақорлардың шатағы.
Пойыздар өтер зіркілдеп,
Әйтеуір, басың қатады.
Көзің іліне бергенде
Күлімдеп таңың атады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 19.11.2024
- 1 қаралым
- 19.11.2024
- 1 қаралым
- 19.11.2024
- 1 қаралым
- 15.11.2024
- 20 қаралым
- 15.11.2024
- 5 қаралым