«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОНЬКИШІЛЕРІМІЗ КӨЗГЕ ТҮСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астана қаласында конькимен сырғанаудан ел біріншілігі өтті. Байрақты додада өңір намысын қорғаған жерлес конькишілер түрлі деңгейдегі 11 жүлде алды.

“Қарасай” жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері Роман Креч 500 м., ал Елена Урванцева 3000 және 5000 метр ара қашықтықта үздік болып, алтын медальға қол жеткізді. Сондай-ақ Елена тағы 1500 метр қашықтықта да қарсыластарымен бәсекелесіп, 3-орынға ие болды.

500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарда Татьяна Сокирко 1 қола және 2 бірдей күміс ұтса, Артур Сергиенко 5000 метр қашықтықта екінші болды. Ал Виталий Загородько 5000 метрде – қола, 10000 метрде күміс алса, 10000 метр қашықтықта тағы бір жерлесіміз – Павел Ихтендрис мәре сызығын үшінші болып кесті.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp