«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛСІЗДЕРДІ ӘЛПЕШТЕГЕН ЖАНДАР еңбегі жарқырап жанған сәт

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазан айының соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні. Бұрнағы күні облыс әкімі Самат Ескендіров аталмыш мерекеге орай Петропавл балалар психоневрологиялық интернат-үйінде өткен салтанатты шараға қатысып, арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалап, әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Өңіріміздің тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінде 1,7 мыңнан астам адамды қамтыған 8 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істеп, аталмыш салада 2 мыңнан астам маман еңбек етіп жүр.  

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жуырда “Нұр Отан” партиясының XV съезінде әлеуметтік саланы жетілдіруге, “Қазақстан – 2050” Стратегиясын жүзеге асыруға қатысты нақты тапсырмалар берді. Өңірімізде аталмыш тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауға мүмкіншілік бар. Әлеуметтік қорғауға мұқтаж жандарға лайықты көмек көрсетуге қажетті жағдай жасалуда, – деді өңір басшысы Самат Ескендіров.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі мереке иелерінің бірқатарын ұзақ жылғы адал еңбегі, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапаттады. Солардың бірі – Петропавл қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мереке Мұхамедияров еңбегінің бағаланып, бүгін осындай құрмет көрсетілгеніне алғысын білдірді. Сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесінің 3 қызметкеріне “Әлеуметтік еңбек саласының үздігі” төсбелгісі табыс етіліп, тағы бірнешеуі бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты шара барысында Самат Ескендіров “Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз” республикалық конкурсының іріктеу кезеңінің жеңімпаздарына Астанада өтетін ақтық кезеңнің жолдамаларын табыстады. Жерлестеріміз республикалық деңгейде 10 аталым бойынша өңір намысын қорғайтын болады. Жарыс жолында сәттілік тілеген Самат Сапарбекұлына есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернатының директоры Жангелді Тәжин өздерінің “Sensetive” бал биі ансамблінің Болгарияның Несебр қаласында өткен халықаралық “Солнечный танец” конкурсына баруға қаржылай көмек көрсеткені үшін тағы бір мәрте алғысын білдіріп, аталмыш байқауды ұйымдастырған “Славянский путь” ұлттық мәдениет, өнер және қолөнер жазғы мектебі жіберген Алғыс хатты табыс етті.

Осылай он екі мүшесі сау қатарластарынан қалмай, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген жастар концерттік бағдарламада өз өнерлерін көрсетті. Содан кейін облыс әкімі Петропавл балалар психоневрологиялық интернат-үйінің жағдайымен танысып, оқу, жаттығу, ойын бөлмелерін аралап көрді. Бүгінде аталмыш мекемеде 77 бала тәрбиеленуде.

 

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp