Алмагүл БАЙГҮЛБАЕВА,
облыстық Монополияға қарсы инспекцияның тергеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.
Облыстық Монополияға қарсы инспекция Шал ақын ауданы әкімдігінің ҚР “Бәсекелестік туралы” Заңының 33-бабы 1-тармағын бұзуына байланысты, атап айтқанда, мемлекеттiк органдардың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерiне қатысты тергеуді бастады.
2013 жылғы 11 ақпанда Шал ақын ауданының әкімдігі “Сергеевка СК” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін әділет органдарында заңды тұлға ретінде тіркеткен. Ал ҚР “Бәсекелестік туралы” Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, қызметтерiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (үлестерiнiң) елу проценттен астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды құру монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырылады.
Аудан әкімдігінің осындай шешім қабылдауы тұрғын үй-коммуналдық қызмет нарығында бәсекелестікті шектеуге әкелуі мүмкін еді.