«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЙ КӨЛІКТІҢ НӨМІРІНЕ ҚАРАСАҢ, көзіңмен жер шұқисың…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ана бір жылдары Ресейдің Хабаровск облысында жол полициясы басшыларының көлікке нөмір белгілерін таққанда жіберген өрескел сорақылығынан шу шыққаны есімде. Онда олар қасақана жасағандай, аймақтық бөліністері бар жаңа нөмірлер енгізгенде аталмыш облысқа анайы мағына беретін үш әріпті тоғытып жіберген болатын. Мәскеуге дейін жеткен осы үлкен айғайдан кейін ресейліктер өз қателігін түзетіп, әлгі анайы нөмірлерді жойып, оған енді жоламайтын болды.

Тоқтар ЗІКІРИН,
“Солтүстік Қазақстан”.

Бүгінде осы сорақылықтың біздің елімізде де орын алып отырғанын көргенде қалайша жағаңды ұстамайсың?! Республикамызда осыған дейін пайдаланылған көлік нөмірлерінде бастапқы өңірлік әріптен кейінгі цифрлардан соң анайы сөз тудыратын әріптерінің бадырайып қатар тұрғанын көріп, жерге кірердей болушы едік. Биыл жаңадан енгізілген нөмірлерде де сол сорақылық жалғастырылыпты. Қазір өңірлік белгі әріптен цифрға ауыстырылып, цифрлы нөмірлерден кейін үш әріп жазылады. Оқуға ыңғайсыз үш әріпті нөмірі бар көліктерді мінген ағайындарымыз аз емес. Сондайда қаладағы бір қадірлі қарындасымыздың көргенде көзіңді басқың келетін екі әріпті нөмірі бар көлікте екі жыл жүргені есіме түседі. Орысша оқыған пақырың бұған айылын да жиған емес. Көзіне шұқып айтқаннан кейін ғана барып нөмірін ауыстырып алды.

Ал оған тағы әлгі анайы сөзге тағы бір әріп қосылған жаңа нөмірлі ағайындарымыздың санасына бұл кіріп те шығатын емес. Тәп-тәуір көліктерінің абыройын түсіріп, анайы сөздің жарнамасына ұқсап жүйткіп жүр. Сонда осы нөмірлеуді жүзеге асырған ноқайлардың бұл ісін қалай бағалауға болады? Жол полициясының басындағылар осы анайылықты көре тұрып, оған көңіл аудармағандары, оған жол беріп отырғандары қалай? Дәл осы абыройымызды кетіріп жүрген 2 әріпті нөмірден мүлде алып тастаса, қазақ алфавитіндегі басқа 40 әріп жетпейді емес, асып түседі.

Өз елімізде тұрып, өзімізді абыройдан айыратын осындай келеңсіздіктерге жол беретініміз қынжылтады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp