«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“DARIGER” ҚОСЫМШАСЫ ПАЙДА БОЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Beeline Қазақстандағы дәрігерлер мен емделушілерге арналған алғашқы тегін қосымша – мобильді “Dariger” қосымшасының жасалуы мен іске қосылуына қолдау көрсеткенін хабарлайды.

“Dariger” негізі – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен барлық негізгі ауруларды анықтау және емдеу хаттамалары. Аналарға арналған сайттарды пайдаланушылардың 90%-ы оның қазақтілді нұсқасына кіретінін атап айтқан жөн. Ол сайттар осы қосымша негізге алына отырып жасалған. “Dariger” қазақ және орыс тілдерінде жасалған.

“Dariger” қосымшасының арқасында дәрігерлердің күнделікті емдеу тәжірибелеріне емдеудің заңнамалық стандарттары кеңінен енгізілетін болады. Дәрігерлерде міндетті ақпаратқа тегін кіретін мүмкіндік болады, емдеу мекемелерінің әкімшілігінде диагноз қою мен емдеудің нормативтік құжаттарына сәйкестігін бақылау мүмкіндігі пайда болады, емделушілердің медициналық қызметтер туралы хабардар болу деңгейі артады”, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Электронды денсаулық сақтау жолдарын дамыту департаменті директорының м.а. Бейбіт Есенбаев.

“Dariger” дәрігерлер мен болашақ дәрігер-студенттерге арналған. Кәсіби деңгейін көтеру мен дәрігерлік әрекеттерді өз бетінше атқаруға дайындығын арттырып жүрген жас мамандар мен студенттер үшін таптырмас көмекші болады. “Beeline”-нің арқасында тек қана медицина саласының мамандары ғана емес, сонымен қатар арнайы білім алғысы келетін барлық қазақстандықтар да осы маңызды әрі қажетті ақпаратқа үнемі тегін қол жеткізе алады”, – дейді әлеуметтік қосымшаның жасаушысы болып табылатын “MedElement” компаниясының Бас директоры Виталий Ермоленко.

“Компаниямыздың алдағы жоспарында “Beeline Telemedicine” деген үлкен әлеуметтік бағдарламаны іске қосу тұр. Телемедицина саласындағы жобалар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырады. Алдағы 2-3 жылда медициналық қосымшаны 30%-ға дейінгі смартфон иелері пайдаланатын болады, ал әртүрлі тетіктер (дене қызуын, қан қысымын өлшеу, қандағы қанттың деңгейі мен т.б.) кәдімгі қалыпты жағдай болады. Жаңа “Dariger” қосымшасын іске қосуға қолдау көрсету – бұл осы саладағы біздің алғашқы қадамымыз және біз Қазақстандағы осы бағытты дамыту жолындағы басқа да бастамаларға ықыласпен қолдау көрсететін боламыз”, – дейді Beeline Қазақстанның Корпоративті коммуникация директоры Алексей Бендзь.

“Dariger” қосымшасы Android (2.1-ден жоғары) операциялық жүйесі бар смартфондар мен планшеттерге келеді және “Google Play”-дан алуға болады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp