«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСӨСПІРІМДЕР БЕЛДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлютка қаласында облыстық БЖСМ тәрбиеленушілері арасында еркін күрестен облыс біріншілігі өтті. Аталмыш сайысқа 189 спортшы қатысты.

Дода қорытындысы бойынша қыздар арасында Қызылжар ауданының құрамасы бірінші орынды жеңіп алса, алаң иелері мен айыртаулықтар екінші және үшінші орынды иемденді.

Ал ұлдар арасында Мамлют ауданының командасы жеңіс тұғырына көтеріліп, сайыс жеңімпазы атанды. Екінші мен үшінші орын Қызылжар және Уәлиханов ауданының еншісінде.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp