«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ МӘН БЕРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен көшпелі семинар өтті. Іс-шара “Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы және мемлекеттік тілді сапалы оқытудың жолдары” тақырыбында өрбіді.

Аққайың ауданына қарасты Смирново ауылында өткен облыстық семинарға Петропавл қаласы, Тайынша, Аққайың, Уәлиханов, Ақжар, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар аудандарының мемлекеттік тілдегі құжаттардың редакторлары, іс жүргізушілер мен үйірме жетекшілері – барлығы елу қызметкер қатысты. Жиналғандар алдында аталмыш басқарманың бөлім басшылары баяндама жасап, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, семинарға жиналғандарға “Аударма мәдениеті және ресми құжат сауаттылығы”, “Тәжірибедегі аударма жұмысы және іс жүргізу құжаттарының жүргізілу үрдісі”, Мемлекеттік стандарттарға сәйкес негізделген 2012 жылдың 27 қыркүйегінде енгізілген қазақ тілін оқытудың типтік бағдарламасы мен “Қазтест” оқу әдістемелік кешендерін қолдану” сияқты тақырыптарда дәрістер оқылды.

Сұрақ-жауап түрінде жалғасқан семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp