«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫРТҚА БАҒАСЫ ЖҰРТТЫ ДҮРЛІКТІРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Азық-түлікке аздап баға қосылғанның өзінде оған жақтырмай қарайтын тұтынушыларды осы аптада тауық жұмыртқасы бағасының шарықтап шыға келгені, тіпті, шошындырып тастағаны анық. Бір-екі күннің ішінде оның ондығының бағасы 200 теңгенің үстіне шықты. Сондықтан өңірімізді тауық жұмыртқасы өнімімен қамтамасыз етіп жүрген іргелі компаниялардың бірі – “Алекри” ЖШС-нің басшысы Александр Прядькоға телефон арқылы хабарласып, одан мынадай жауап алдық:  

– Біздің кәсіпорынның жаз айларында шығынмен жұмыс істейтінін көпшілік біле бермейді. Мысалы, биыл 87 миллион теңгеге шығынға баттық. Бірақ бұл біз үшін қапаланатын жай емес. Жылда қыс мезгілінің қарсаңында жұмыртқаға баға қосылады. Ал бағаның биылғыдай қазан айында күрт секіруі бұрын-соңды болған емес. Оның басты себебі көршілес Ресейде жұмыртқа өнімдеріне бағаның өсуі болса керек. Біз мемлекеттен демеуқаржы алатын болғандықтан, өнімнің бағасын шарықтатуға құқымыз жоқ. Алайда, тауарлар екінші қолдан Ресей нарығына қарай өтіп кетпеуі үшін бағаны көтеруге мәжбүр болдық. Бүгінде бізде жұмыртқаның ондығының көтерме бағасы 170-190 теңге болса, Мәскеу нарығында ол 44-46 рубльді құрайды. Ресейліктер біздің өнімді сатып алуға дайын екен деп, бар жұмыртқаны арзан бағаға сол жаққа өткізіп жіберіп, өз өңіріміздің тұтынушыларын ойламауға құқымыз жоқ. Ал құс фабрикасын баға тұрақтанғанша, жауып тастауға тағы болмайды. Сондықтан қадағалаушы органдар біз сияқты кәсіпорындардың амалсыздан барған әрекетіне түсіністікпен қарап, тұтынушыларға дұрыс ақпарат жеткізсе деген тілегіміз бар. Ал бағаның бұдан арғы жағдайы қалай болатынын айту қиын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp