«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Қызылжар өңірінде болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазан айының соңғы күндері ҚР Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов жұмыс сапарымен Қызылжар өңірінде болып, облыс әкімі Самат Ескендіровпен, “Киров атындағы зауыт” АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесті, облыстың кәсіподақтары активімен жиналыс өткізді.

Өңір басшысының қабылдауы кезінде Самат Ескендіров пен Әбілғазы Құсайынов әлеуметтік диалог пен серіктестікті нығайту мәселелерін талқылады.

Әбілғазы Қалиакпарұлы “Киров атындағы зауыт” АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесіп, кәсіпорынның кәсіби кадрларды даярлауға, қызметкерлерді әлеуметтік-экономикалық қорғауға, олардың еңбегі мен тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған ұжымдық шарт қатынастарын нығайтуға арналған жұмысымен танысты.

Облыста 1200 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Қазіргі уақытта өңірде жұмыс істеп тұрған шаруашылық кәіпорындарының 65 пайызымен 3535 ұжымдық шарт жасалған.

Кәсіподақ активтерінің жиналысында ҚР Кәсіподақтары федерациясының төрағасы “Қазақстан кәсіподақтарын серпінді және жүйелі жаңғырту – қоғамдағы кәсіподақтардың өсуінің, нығаюының және ықпалының негізі” тақырыбында баяндама жасап, жұмыс берушілермен, жергілікті билік органдарымен тұрақты түрде әлеуметтік диалог жүргізуге жиналғандардың назарын аударды.

Жиналыста республикалық “БАҚ арасында кәсіподақ қызметін үздік көрсету” байқауына қатысқаны үшін “Северный Казахстан” газетінің әлеуметтік-құқықтық мәселелер бөлімінің редакторы Татьяна Шейкинаға Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етілді.

(Өз тілшімізден).

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp