«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Нұрлан ЕРІМБЕТОВ: “Президент бастаған әңгімені Үкімет жалғастырып әкетпеді”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астанадағы брифингте “Қазақстанның Азаматтық Альянсы” (ҚАА) Заңды тұлғалар бірлес-тігінің президенті Нұрлан Ерімбетов алда болатын Азаматтық Форумға дайындық ту-ралы, Үкімет пен өңірлер әкімдерімен өзара әрекеттестік туралы, ҚАА-ның Президенттің осы жылғы 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сындары мен берген тапсырмаларын жүзеге асыруға қалай атсалысып жүргені туралы баяндады.

“Бұл мені азамат ретінде, адам ретінде таңғалдырған оқиға болды. Осы әділ де ашық әңгіме, мен мұны нағыз еркектерше әңгіме дер едім, маған қатты ұнады. Президент жағдайды бақылауда ұстап отыр, ол бәрін алақандағыдай көріп отыр. Адамдар осы әңгімені, ерлердің ашық әрі әділ әңгімесін, отбасылық әңгімені күткен болатын. Өйткені, осы үлкен мәжілісте Президент қазір өзіміз күнделікті талқылап жүрген өңірдегі, әлемдегі жағдай туралы, әрі қарай қалай өмір сүретініміз жайлы өз ойларын айтты, міне, нағыз отбасылық әңгіме деп мен осыны айта алам. Бірақ Үкіметтегілер де, шешім қабылдайтын басқалар да өздеріне осы айтылған көптеген мәселелер бойынша міндеттілік пен жауапкершілікті алған жоқ. Тым құрығанда біреуі тұрып: “Мен кінәлімін, кешіріңдер, кінә менен, мен түзелемін”, – деп айтты ма? Мұндағы жағдай осы, өкіметтік ортадағылардың ешқайсысы өздеріне жауапкершілік алғысы келмейді”, – деп қорытындылады ойын Н.Ерімбетов.

“Азаматтық қоғам құқықбұзушылықтың алдын алумен, балалармен жұмыс істеумен, болжамды құқықбұзушылармен, саламатты өмір салтын насихаттаумен, автоәуесқойлармен және осы саладағы барлық жұмыстармен шұғылдана алады”, – деді ол.

Н. Ерімбетовтің сөзіне қарағанда, бейінді ведомство жоғары деңгейдегі спортпен жұмыс істейді, ал аула клубтарын, спорттық жарыстарды үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) саласына беруге болады.

Сонымен қатар, Н. Ерімбетовтің пікірінше, мәдени салада да ҮЕҰ біраз мәселелерді өз қолына ала алады. “Бұрын халық шығармашылығы байқаулары, көркемөнерпаздар фестивалдары болатын – мұның бәрі бүгінде Үкіметтің де, министрліктердің де қолы тие бермейтін әуесқой көркем-өнер түрлері, оларды қаржысымен қоса ҮЕҰ саласына берсеңіздер, адамдарды біз өзіміз табамыз”, – деді Н. Ерімбетов.

“Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда 27 мың ҮЕҰ бар. Егер олардың 1,5 мыңы қалса жақсы. Көпшілігі жабылып қалды, себебі ҮЕҰ көп адамдар үшін жеңіл бизнес көзіне айналды. Бір күндік ҮЕҰ пайда болды”, – деді Н.Ерімбетов.

Өз сөзінде ҚАА басшысы: “Бүгінде бізге Президент Әкімшілігі тарапынан мықты қолдау көрсетіліп отыр. Бұл – ҮЕҰ бүгін қажет екендігін түсінгендік”, – деді.

(Ресми ақпарат).

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp