«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚШ-та АБЫРОЙЫМЫЗДЫ АСҚАҚТАТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, кәсіпқой боксқа ауысқалы жеңіліп көрмеген отандасымыз, Қарағанды қаласында туған боксшы Геннадий Головкин 2 қарашада Нью-Йоркте америкалық қарсыласы Кертис Стивенспен Бүкілдүниежүзілік бокс қауымдастығы нұсқасы бойынша жекпе-жек өткізді. Отандасымыз Нью-Йорктің “Медисон сквергардэн” залына қазақтың шапанын жамылып шыққанда жүрегіміз кеудемізге сыймай, аттай тулады. 3 қараша күнгі таңғы сегіз сағаттан былай көгілдір экранға үңілген миллиондаған қазақстандықтардың осындай сезімге бөленгенін іштей біліп отырдық.

Геннадий Головкин 2013 жылғы 24 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында: “Менің әкем – орыс, анам – корей қызы, өзім болсам – қазақпын!” – деп еді. Ол осы елжандылық сезімін үнемі айғақтап, барлық жеңістерін туған Отанына арнаумен келеді. “Алға, Қазақстан!” деген ұраны аузынан түспейді. Жеңістерге жеткен сайын көк байрағымызға оранып шығады. Өз құрметіне Гимніміз шырқалғанда қосылып, қайталап тұрады.

3 қараша күнгі таң сәріде де осылай болды. Ол 72,6 килограмм салмақта өзінің әлем чемпионы атағын тоғызыншы мәрте ақтады. Қарсыласын екінші раундта нокдаунға түсірсе, сегізінші кезеңде оны одан әрі жұдырықтасуға дәрменсіз күйге келтіріп, төрешінің жекпе-жекті тоқтатуына жетісті.

Ол ендігі жекпежегін келесі жылдың ақпан айында өткізбек. Алайда, оған айбын танытар қарсылас әзірге шығар емес.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp