«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САХНАДА – “ҚАЗАҚСТАН КАМЕРЕТАСЫ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Қазақстан камеретасы” классикалық музыка ансамблінің концерті болып өтті.

“Қазақстан камеретасы” осы жолы облысымызға ерекше бағдарламамен келіпті. Кеш барысында классикалық музыка туындыларымен қатар (А.Вивальди. Кончерто гроссо ре минор, Дж. Мейр “Ради неба”, А.Пыйцолло “Эсколазо”) Балнұр Қыдырбек, Артық Тоқсанбаев, Қуат Шілдебаев сынды қазақстандық авторлардың да шығармалары орындалды. Қазақстандық композиторлардың осызаманғы музыкасы соңғы екі онжылдықта дүниеге келген. Оркестрдің сүйемелдеуімен халықаралық конкурстардың лауреаты М.Керімбаев – виолончельде, жерлесіміз Ә.Әбдірахманов домбырада өнер көрсетті.

“Қазақстан камеретасы” 1997 жылы құрылған. Көркемдік жетекшісі – ҚР Халық әртісі Гауһар Мырзабекованың жетекшілігімен оркестр құрамында республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты атанған жас музыканттар қызмет етеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp