Әскер НҰРМҰҚАНОВ,
зейнеткер.
Айтамын, ағайын…
Тойға не құдалыққа бара алмасаң,
Қара тізімге іліктім дей бер, ағайын!
Сондықтан несие ал миллионер боп,
Бір тойда екі жылқы жей бер, ағайын!
Уақыт ағайын-туыспен санаспайды,
Ағайын-туысың уақытпен санасса,
Ешқашанда, өмір бойы адаспайды!
Атсаң да, шапсаң да айтам, ағайын,
Заман талабына қайшы ісің жараспайды!
Қара шалдың мұңы
Өлейін десем, жан қымбат,
Өлмейін десем, дәрі қымбат.
Маған қарар бір жан жоқ,
Мейлі өліп жат, алжып жат…
Еріксіз күлетіндер,
амалсыз жүретіндер
Еріксіз жымиып күлетіндер,
Амалсыз күні үшін жүретіндер…
Осындайлар көбейіп кетті,
Текеметіңді білдіртпей тілетіндер.
Бір ханымға
Түске дейін ұйықтаушы ең,
Айтқан сөзді ұқпаушы ең,
Сөгіліп жүрсе-дағы қолтығың,
“Ұят болды ғой” деп бұқпаушы ең…
Ол үйден кетер береке
Әйелі қабағын түйіп керілсе,
Шай құйып беруге ерінсе,
Келіні мен баласы теріс қарап тебінсе,
Ол үйден кетер береке.
Бозбалалық не теңі?
Қазіргі ерке шенеунік,
Үйден 5 метр шықса,
Басқаша күй шертеді.
Біздің Бұзаубай да сондай,
Аяғын дұрыс баса алмай жүріп,
Бозбалалық оның не теңі?!